«Қазақстан Орал» телеарнасының редакторы республикалық байқаудың бас жүлдегері атанды (ФОТО)

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазақстан Орал» телеарнасының редакторы Гүлден Сапиолла Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай үздік тележүргізушілер арасында «Қазақстан» РТРК» АҚ ұйымдастырған «Арнаның бетке ұстарлары» республикалық байқауының бас жүлдегері атанды.

«Қазақстан Орал» телеарнасының бас редакторы Гүлмира Тілеубаеваның айтуынша, аталмыш кәсіби сайыс алдымен облыс тележурналистері арасында өткізілді. Содан кейін жиырма күндей «Қазақстан» РТРК» АҚ филиалдары арасында ресми сайт арқылы дауыс берілді. Байқауда тележурналистердің кәсіби және жүргізушілік шеберліктері сараланды. Барлығы 5176 дауыс жинаған Гүлден республикалық байқауда үздік шықты.

Гүлден Сапиолла «Қазақстан Орал» телеарнасында 2008 жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол - «Арнайы репортаждың» майталманы, қоғамдағы түрлі өзекті мәселелерді дер кезінде көтеріп, көрермендерге жоғары деңгейде жеткізіп отырады. Өткір әрі табандылығымен ерекшеленеді.

Айта кетейік, Г.Сапиолла өткен жылы Саратов қаласында өткізілген «Мир права» халықаралық телебағдарламалар байқауының жүлдегері атанған болатын.