Атап айтқанда, елімізде қазіргі заманғы ғарыш саласын құру мен оны арқы қарай дамыту Қазақстанның ғылыми-техникалық жетістігі мен қауіпсіздігінің сенімді негізі болады.
Бүгінде «ҚазСат-2» ғарыш аппараты штаттық режімде жұмыс жасауда. Жер серігінің қазіргі атқарып отырған жүктемесі 69 пайызды құрайды. Жалпы ғарыш аппараты Қазақстандағы 12 спутниктік байланыс операторларына спутниктік қамтымдылық қызметін ұсыну бойынша қызметтер көрсетіп келеді.
Қазіргі күні Қазақстандағы және бір «ҚазСат-3» жер серігі өзінің ұшыру-ғарыштық сынау жұмыстарын аяқтауға жақын.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың сәуірінде жіберілген «ҚазСат-3» «ҚазСат-2»-ні толықтыратын болады.