Келіссөздердің негізгі тақырыптары — ормандарды қалпына келтіру, заманауи технологияларды енгізу, орман питомниктерін дамыту, көміртегі жобаларын іске асыру және халықаралық инвестициялар тарту.
AFoCO-мен кездесу қорытындысында орнықты орман шаруашылығы және көміртегі жобалары саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум папкаларымен алмасу рәсімі өтті. Құжат аясында Қазақстандағы 100 мың гектардан астам орман қорғау белдеулері мен агроорман-мелиорациялық аумақтарды қамтитын көміртегі жобаларын пысықтау көзделген.
Сондай-ақ болашақ жобаларды Қазақстан ұсынған «Орталық Азияның жасыл қалқаны» өңірлік бастамасымен ұштастыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Кездесулердің басты мақсаты — халықаралық тәжірибе мен технологияларды тарта отырып, келіссөздерді Қазақстан аумағында жүзеге асатын нақты орман және көміртегі жобаларына айналдыру.
Айта кетелік Қазақстан 100 мың гектар жасанды орман құру жобасын бастайтыны туралы жазған едік.