Х. Солананың сөзіне қарағанда, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі ел үшін өте маңызды сәт болып табылды және Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын басқарған бірінші посткеңестік мемлекет болып, өз рөлін абыроймен атқара алды. «Қазақстанның және Еуропалық Одақтың саяси және экономикалық салаларда ынтымақтастықты арттыру үшін әлеуеті бар», - деп атап айтты ЕО кеңесінің бұрынғы бас хатшысы.
Сонымен бірге Х. Солана Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше-елдердің (соның ішінде Қазақстанды қоса алғанда) аймақтағы жағдайды тұрақтандыру, оның ішінде лаңкестікке қарсы әрекет ету ісіндегі қызметіне қолдау көрсететінін айтты, алайда ол қазіргі уақытта «ШЫҰ мүмкіндіктері шектеулі» екеніне тоқталып өтті.