«Словакия Республикасы мен Қазақстан арасындағы еіжақты қарым-қатынаста ешқандай проблема жоқ. Қазақстан Орталық Азиядағы біздің басты серіктесіміз саналады. Еуропалық одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы жаңа келісім мүдделі тараптардың байланысындағы сапалы жаңа кезеңнің бастауы болып саналады деп есептейміз», - деді ол.
Словакия министрінің айтуынша, Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымында Еуропалық одақ елдерінің тәжірибесін кеңінен пайдалануға мүмкіндігі бар. Бұл ретте Словакия қазақстандық серіктестерінің Еуразияда бәсекеге қабілетті болуға арналған бағдарлама бойынша белсенді жұмыстарына жоғары баға береді.
«Словакия Республикасы Қазақстан тарабының «Болашақ энергиясы» тақырыбымен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыру шараларына жоғары баға береді. Өткен жылдың қазанында Словакия көрмеге қатысушы 104-ші мемлекет болып тіркелді. Біз көрменің жаңа технологияларды пайдалану барысындағы тәжірибелермен алмасуда тиімді алаң боларына сенімдіміз», - деді Лайчак.