Қазақстан – Орталық Азиядағы мерекеге ең бай мемлекет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылы қазақстандықтар аптаның сенбі, жексенбі күндерін қосқанда 120 күн демалады. Бұл туралы ҚазАқпарат energyprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2014 жылдан бергі кезеңді алып қарасақ, демалысқа ең бай жыл 2016 жылы болған екен (122 күн). Демалысы ең аз 2018- 2019 жылдар болған (119 күн).

2022 жылдың демалысқа ең бай айы қаңтар болмақ. Бұл айдың 13 күні демалысқа келеді. Оның 3 күні мерекеге – Жаңа жыл мен Рождество сәйкес түскен.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасында қазақстандықтар ең көп демалатын ел болып отыр. Ал Беларусь елі 110 күн демалыспен ең аз демалатын ел болып тұр. Армения мен Қырғызстанда – 117 күн, Ресейде 118 күн демалысқа дөп келеді.

Тек мерекемен байланысты демалатын күндерді алсақ, Қазақстанда – 15, Ресейде – 14, Қырғызстан мен Арменияда – 12 күн, Беларусьте – 10 күн.

Ал ТМД елдерінің ішінде мерекеге ең бай мемлекет – Әзербайжан (125 күн).

Қазақстанда демалыс күндерінің көп болуы мемлекеттік мерекенің сенбі немесе жексенбі күндеріне түсуіне байланысты үзартылуына байланысты. Мұндай есептеу тәсілінің тек Құрбан айт пен Рождество мерекелеріне қатысы жоқ.