Қазақстан ОСК басшысы Бішкектегі сайлау учаскесі жаңа құрылғылармен жарақталғанын айтты
10:45, 11 Желтоқсан 2016
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Бүгін сағат таңғы 8-де Қырғызстанда ел Конституциясына түзетулер енгізу бойынша дауыс беру және жергілікті кенеште сайлау басталды. Астаналық сайлау учаскелерінің бірінің ашылу рәсіміне Қазақстан ОСК төрағасы Берік Имашев қатысты, деп хабарлады Бішкектен «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
№1214 сайлау учаскесінің әзірлігі жайлы УСК мүшесі Динара Мұсақожаева хабарлады: «Референдум бойынша дауыс беру учаскесіне барлығы 1214 сайлаушы, жергілікті кенешке сайлау бойынша дауыс беруге 1212 сайлаушы тіркелген. Айырма екі адам ғана».
Қазақстан орталық сайлау комиссиясының басшысы сайлау учаскесі дауыс беруді бастауға әзір, сондай-ақ дауыс беру нәтижесін өзгертуді, сайлауда заң бұзуды болдырмайтын жаңа автоматтандырылған құрылғылармен жарақталғанын атап өтті.
Еске салсақ, сайлауға қатысушылар тізімінде 2,85 миллион адам бар. Референдум сайлауға тізімдегі 30 пайыздан астам, яғни 855 мың адам қатысса, өтті деп саналады.