Мұндай пікірді Орталық Азия бойынша Еуроодақтың арнайы өкілі Патриция Флор жасады.
«Мен Қазақстанның бүтін халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтағын келеді. Қазақстан шынымен де үлкен ілгерілеушілікке қол жеткізді. Сіздер өз экономикаларыңыздың дамуы, түрлі ұлт өкілдеріне бірге өмір сүруге мүмкіндік беретін тұрақтылық үшін көп істер атқардыңыздар. Менің ойымша, сіздер мұнымен мақтана аласыздар», - деді П.Флор.
ОА бойынша ЕО арнайы өкілінің сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Еуроодақтың өзара әрекеттестігінің дамуы жылдары ішінде тараптар әріптестік қарым-қатынастарды орнатты. Оған қоса қазіргі уақытта Еуроодақ Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып табылады, қазақстандық экспорттың басым бөлігі еуропалық нарыққа түсуде.