«Біз келіссөздерді кеше бастап кетіп, көлік пен сауда үшін өзара шекараларды ашу бағытында атқарылған жұмыстарды айттық. Бұл біздің елдеріміздің арасындағы сауданың күрт өсуіне түрткі болды, өнімнің жаңа түрлері жеткізіле бастады», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті бүгін екі елдің арасында үлкен форум өтіп, оған екі тараптан 500 бизнесмен қатысатындығын атап өтті.
«Маған айтуларынша, шамамен 1 млрд. доллардың 75 келісімшартына қол қойылады. Бұл осы жылдар ішіндегі біздің тарихымызда алғаш рет орын алатын оқиға», - деді Мемлекет басшысы.
Елбасы екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың негізін Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовпен бірге қалағандығын баса айта келе: «Сізбен бауырлас, таяу ел, тату көрші ретінде бір-бірімізге көмек бере отырып, екі халықтың ынтымағын одан ары нығайтып, сол дәстүрді жалғастыратын боламыз», - деді.
11:51, 23 Наурыз 2017
Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумында 1 млрд доллардың келісімшартына қол қойылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумында 1 млрд. доллардың келісімшартына қол қойылады. Бұл туралы бүгін Ақордада Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен өтіп жатқан екіжақты кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.