АСТАНА. KAZINFORM — ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстан Республикасымен шекарадағы өткізу пункттерінің алдында Қазақстан Республикасынан шығатын адамдардың, көлік құралдарының жиналуы байқалатынын хабарлайды.
«Бұл Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде елімізден басым бөлігі шетелдік азаматтардың шығуына, сондай-ақ „Қапланбек“, „Тәжен“, „Атамекен“ және „Қазығұрт“ өткізу пункттерінің қайта жаңартылуына байланысты», — деп түсіндірді ведомстводан.
Мемлекеттік шекара арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылады, өткізу пункттеріндегі жағдайды бақылау бойынша шаралар қабылданды.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.