Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттеріне қатысты келісім туралы заң қабылданды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Өзбекстан Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң қабылданды.

Коллаж: Kazinform / ЖИ

— Хаттамаға 2024 жылғы 8 тамызда Астана қаласында қол қойылды. Бұл құжат автокөлік пункттерін екіжақтыдан көпжақтыға өзгертеді. Сондай-ақ, жұмыс істеу тәртібін жарық уақыттан тәулік бойына ауыстырады. Аталған шара өткізу қабілетін арттыруға, жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға және туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді. Бұл өзгерістер арасындағы көлік-транзиттік қатынасты одан әрі дамытуға өз үлесін қосады деп есептейміз. Хаттаманы ратификациялау бюджет қаражатын жұмсауды қажет етпейді, — деді ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан активтерді қайтару саласында бірлескен бастамаларды іске асыратынын жазғанбыз.