деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Соңғы Жолдауымда мен елімізді алдағы 10 жылда дамыту міндетін қойдым. Қазіргі таңда біз Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың алғашқы бес жылдық бағдарламасын бастап жатырмыз. Бұл бағдарлама іс жүзіндегі құжат болып табылады, оны Қазақстанның көшбасшылыққа ұмтылған жолы деп те атауға болады. Біз осы жылдардың өзінде посткеңестік кеңістіктегі көшбасшылардың бірі болып отырмыз. Бірақ бұған тоқмейілсуге болмайды. Өзімізді посткеңестік кеңістіктегі елдермен салыстыруды доғарып, дамыған елдермен салыстырып, солардың деңгейіне шығуға ұмтылуға тиіспіз», деді кездесуде Н. Назарбаев.
Елбасы Қазақстан мұндай міндетті орындай алатынын атап көрсетті. «Әйелдердің алдында тұрған ең басты міндет - қашандағыдай біздің еліміздің, біздің ер азаматтарымыздың сенімді тірегі болу. Ал, ер азаматтардың міндеті - өз отбасының, жан жарының, балаларының материалдық игілігін, мемлекеттің мүмкіндіктерін тартпай-ақ еліміздің дамуын қамтамасыз ету», деді Президент.