Бұл туралы ҚР СІМ-нің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтың мәлімдемесінде айтылды.
«Шет елдердің үшінші елдерге қарсы соғыс мақсаттарына Қазақстанның аумақтары мен әуе кеңістігін пайдаланатыны туралы жауапкершіліксіз мәлімдемелері мен ақпарат құралдарында пайда болған сыбыстың ешқандай негізі жоқ.
Халықаралық қарым-қатынастың жауапты субьектісі және ядролық қарудан бас тарту саласында көшбасшы ретінде танылып отырған Қазақстан қазір және әрқашанда ирандық ядролық бағдарлама төңірегіндегі жағдайды дипломатиялық жолмен және бейбіт реттеуді дәйекті жақтайды», - делінген мәлімдемеде.