Қазақстан өзінің экономикалық дамуында технологиялық модернизация жасауға пейілді - Елбасы

None
;АСТАНА. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан өзінің экономикалық дамуында технологиялық модернизация жасауға бек пейілді. Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» монументінің жанындағы бас алаңда өткен Конституцияның 15 жылдығына арналған әскери парадта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді. «Біз жаһандық дағдарыстың барлық салдарын табысты еңсердік.

Мен биылғы Жолдауымда біз алдағы он жылда шешуге тиісті маңызды міндеттерді айқындап бердім. Біз қазақстандық экономикада технологиялық модернизация жасауға бек пейілдіміз», деді Н. Назарбаев.

Елбасы ағымдағы жылы жалпы құны 800 млрд. теңгеден асатын 140 индустриялық нысанның құрылысы аяқталатынын, сөйтіп 20 мың жаңа жұмыс орны құрылатынын еске салып өтті. «Бұл міндеттердің барлығы елімізді дамытудағы нақты әлеуметік-экономикалық көрсеткіштерге негізделген», деді Елбасы.