Министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, тараптар бірлескен оқу-жаттығуларды өткізуге, әскери білім беру және бітімгершілік дайындық саласындағы өзара іс-қимылға қатысты әскери ынтымақтастықтың даму көкжиегін талқылады.
20:40, 04 Наурыз 2022
Қазақстан Пәкістанмен әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Қазақстан Республикасындағы Пәкістан Ислам Республикасының Әскери атташесі бригадалық генерал Ясир Наваз Жанжуамен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.