Қазақстан пара-каратэ командасы Азия чемпионатында жалпы есепте топ жарды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Индонезияның Бали қаласында WKF нұсқасы бойынша пара-каратэден V Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі.

Фото: Қазақстанның каратэ федерациясы

Биылғы жарысқа 7 мемлекеттен үздік спортшылар қатысып, құрлық мықтыларын анықтады.

Қазақстан командасы жоғары даярлық үлгісін көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 1-орын иеленді. Спортшылар бірнеше алтын және қола медаль жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
🥇Ләззат Жүсіпова – алтын медаль
🥇Назгүл Ізмағамбетова – алтын медаль
🥇Нұржайна Жаннетова – алтын медаль
🥉Рустам Билялов – қола медаль
🥉Азиза Ибраимова – қола медаль
🥉Ерлан Нұрмағамбетов – қола медаль

Еске сала кетейік, былтыр Ташкент қаласы қабылдаған пара-каратэден Азия чемпионатында біздің команда 2 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль иеленген еді.

Сондай-ақ қазақстандық үш каратэшінің әлемдік рейтингіде көш бастағаны туралы жаздық.