Тараптар 30-мм қашықтықтан басқарылатын жауынгерлік модульді бірлесе жасау мен өндіру туралы келісімге келді. Аталған жауынгерлік модульдерді «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС шығаратын бронды дөңгелекті машиналарға орнату көзделіп отыр. Модульдерді жасау жұмысы биылдан басталып кетпек.
Белгілі болып отырғандай, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС мен «Буревестник» Орталық ғылыми-зерттеу институты елордада өткен «KADEX» көрмесінде «АУ-220M» модулінде автоматты зеңбірегі (пушкасы) 57-мм болатын «Барыс 8х8» БТР-ін таныстырған. Сонымен бірге, «Батыс Қазақстан көлікқұрау компаниясы» АҚ екі жылдан астам уақыт «Арлан» бронды машинасы үшін 12-мм-лік зеңбіректерді жасап келеді.