АСТАНА. KAZINFORM — Малайзияның Кучинг қаласында өткен пара таэквондодан Азия чемпионатының екінші күні Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
Құрлықтық додада кируги санатында Мұқашев Мәлік (K41, 80 келі) чемпион атанса, Дәулетшина Айкенже (K44, 65 келіден жоғары) күміс жүлдегер болды.
Ал Ғибратжан Бақберген (K44, 58 келі), Гариполлаев Алишер (K44, 80 келіден жоғары), Қазиев Жанболат (K44, 80 келі) Сәлімгереева Марьям (K44, 65 келі) үздік үштікті түйіндеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын отандастарымыз 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды.
Ел құрамасынан Ахметкерей Абзал (Р31 санаты) пен Овсепян Карен (Р33 санаты) чемпион атанды. Оған қоса Жәнібек Елдос (Р34 санаты) пен Серіков Дәурен (Р33 санаты) күміс жүлдегер болса, Расқалиев Айдарбек (Р21 санаты) үздік үштікті түйіндеді.
Осылайша екі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы пумсэ мен керуги санатында жалпы саны 11 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 3-еуі алтын, 3-еуі күміс және 5-еуі қола.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.