Қазақстан Париждегі лаңкестікті айыптады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 7 қаңтар күні Франция астанасы Париж қаласында орын алған шабуылды айыптайды. Қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.

«Экстремизмнің барлық түрімен күресте біз Францияны қолдаймыз және осындай зұлым қатерге төтеп беру ісінде халықаралық серіктестектермен бірігіп жұмысты жалғастырамыз», делінген хабарламада. Сәрсенбі күні таңертең Charlie Hebdo сатира журналының редакциясы орналасқан ғимаратқа баса көктеп кірген лаңкестер қызметкерлерге оқ жаудырып, артынша көлікпен іздерін суытқан болатын. Салдарынан 12 адам мерт болып, бірнеше адам ауыр жарақатанды.