ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың құттықтау сөзі оқылады деп күтілуде.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рақмет Мұқашев баяндама жасайтыны жоспарлануда.
Бағдарламада «Қазақстан Республикасы Парламентімен заң шығару қызметі бөлігінде өзара іс қимыл жасау мәселелері» тақырыпта ҚР Әділет министрінің орынбасары Дулат Құсдаулетовбаяндама жасайтыны қарастырылған.
Сонымен қатар заң ғылымдарының докторы, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің президенті, «Әділет» демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық Палата төрағасының орынбасары Мақсұт Нәрікбаев«Қазақстан Парламенті: кейбір мәселелері мен даму резервтері» тақырыбы бойынша баяндама жасайды.
Сондай-ақ осы конференцияда «Парламент пен Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара қарым-қатынасының дамуының конституциялық негіздері» тақырыбы аясында саясат ғылымының докторы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, «Парламент және Қазақстан Республикасында өкілдік жүйесін қалыптастыру» деген тақырыпта заң ғылымдарының докторы, Конституциялық Кеңес мүшесі Виктор Малиновскийсөз сөйлейді.
«Қазақстандағы Парламент: өткені, қазіргісі, келешегі» тақырыбы бойынша саясат ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов,«Қазақстандық Парламентте салт-дәстүрді демократизациялауды қалыптастыру туралы» философия ғылымдарының кандидаты, «Нұр Отан» ХДП-ның Парламентаризм институтының директоры Болат Байқадамовой-пікірін ортаға салады.
Конференцияда басқа да қоғам қайраткерлері, парламентшілер сөз сөйлейтіні көзделуде. Бұл басқосу Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рақмет Мұқашевтың қорытынды сөзімен аяқталады.