деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі кезінде бейбітшілікті нығайту, қауіпсіздікті сақтау, даулы мәселелердің шешілуіне ықпал ету жөніндегі ойлар ортаға салынды. Қазақстан осы мәселелердің оң шешімін табу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа халықаралық беделді ұйымдармен бірлесіп қызмет атқаратыны анық.
Тараптар Қырғызстандағы жағдайға алаңдаушылық білдірді. Күрделі жағдайды тұрақтандыру және қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсету мәселелерін қозғады.
Бұл кездесуге Мәжіліс депутаттары Бекен Әлімжанов, Ерболат Әпсалямов, Светлана Бычкова, Уәлихан Қалижанов және АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ричард Хоугланд қатысты.