деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Қазақстан парламентшілері 5-9 қазан аралығында Дубровник қаласында өтетін ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының кезекті күзгі отырысына қатысады.
Қазақстандық делегация құрамында Мәжіліс депутаттары Әмзебек Жолшыбеков пен Светлана Бычкова және сенаторлар Қуаныш Сұлтанов пен Әділ Ахметов бар.
Осы парламенттік форумда Оңтүстік Шығыс Еуропадағы аймақтық даму мәселелеріне арналған конференция, ЕҚЫҰ ПА комитеттерінің отырыстары болады деп күтілуде.