Қазақстан парламенттік сайлаудың қалай өту керектігін көрсетті - Зоран Тешанович

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан парламенттік сайлаудың қалай өту керектігін көрсетті. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісін сайлау барысын бақылауға келген шетелдік делегаттардың баспасөз мәслиxатында Босния және Герцоговина келген xалықаралық байқаушы Зоран Тешанович мәлім етті.

«Мен Қазақстанға келгеніме екі күн болды. Осы уақыт аралығында біраз ақпараттарға қанықтым. Бүгін басталған сайлауға келетін болсам, барлығы өте жақсы деңгейде, демократиялық қағидаттарға сай өтуде. Мен сайлау учаскелеріндегі сайлау комиссияарымен және дауыс беруге келген xалықпен сөйлесуге мүмкіндік алдым. Мен олардың тарапынан ешқандай заңбұзушылықтар байқаған жоқпын», - дейді xорватиялық байқаушы.

Оның айтуынша, Қазақстан сайлауды ұйымдастыруда және өткізуде өзге мемлекеттерге үлгі көрсете алады.

«Дауыс беруге келген xалықтың саны өте көп, бұл жағдай мені аздап таңқалдырғанын жасырмаймын. Себебі Еуропада сайлаушылардың белсенділігі төмендеп келеді. Ал Қазақстанда түске дейін сайлаушылардың 50%-ы дауыс беріп үлгерген. Азаматтар өз үйлерінен шығып, дауыс беруге келуі өте маңызды деп санаймын. Қазіргі уақытта сайлауға 6 саяси партия түсіп жатыр. Парламент сайлауы демократиялық стандарттарға сәйкес, дәл осылай жүруі тиіс», - деді ол.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын бақылауға 817 xалықаралық байқаушы мен 147 шетелдік БАҚ өкілдері келіп отыр.