Қазақстан патриоттары партиясының Атырау филиалы референдумды қолдады

None
АТЫРАУ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Қазақстан патриоттары партиясының Атырау филиалы Мемлекет басшысының өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзартуға арналған референдум өткізу жөніндегі идеяны қолдады.

Партияның атыраулық филиалының хатшысы Ағила Молдағалиева хабарлағандай, партия мүшелері референдумды қолдауға қолдар жинаған өзінің бастамашыл тобын құрды.

«Қол жинауды біз тек облыс орталығында ғана емес, облыстың аудандарында да жүргіздік. Бір айта кетерлігі, қол қою парақтарына тек біздің партияның мүшелері ғана емес, облыстың партиядан тыс тұрғындары да қол қойды. Олар осы арқылы біздің еліміздің Президентінің өкілеттік мерзімін ұзартуға өз тілектерін білдіргісі келді», - дейді А.Молдағалиева.

Қазақстан патриоттары партиясының атыраулық филиалының мүшелері референдумды өткізуге қолдау білдіріп, бірнеше жүздеген қол жинады.