Оның айтуынша, қазір Қазақстанда майнингпен айналысуға лицензия алған 75 майнинг компаниясы жұмыс істейді, ал олардың пайдаланатын 500 мыңға жуық майнинг құрылғысы мемлекеттік тізілімге тіркелген.
– Цифрлық майнингке мұнай кен орындарындағы қазіргі газбен жабдықтау жүйесінде пайдаланылмай жатқан ілеспе мұнай және табиғи газды пайдалану көзделіп отыр. Бұл газдан электр энергиясы өндіріліп, цифрлық майнингке жұмсалады. Бұл ретте елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосымша жүктеме түспейді, - деді Жаслан Мадиев.
Тиісті заң жобасы 2027 жылғы 1 наурызға дейін Құрылтай қарауына енгізу жоспарланып отыр.
Жаслан Мәдиевтің сөзінше, бұл шешім бүгінде кәдеге аспай жатқан газды электр энергиясына айналдырып, инвестиция тартуға және мұнай өндіретін өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Қазақстанда цифрлық активтерді ерікті түрде жария ету тетігі енгізіледі.