Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметовтың төрағалығымен Қытайдың Pinduoduo электрондық сауда алаңының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесу барысында шетелдік маркетплейстердің Қазақстан аумағында жүзеге асыратын электрондық коммерция қызметіне салық салу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына өткізілетін тауарлар туралы деректер алмасу мәселелері талқыланды.
Тараптар трансшекаралық сауданың ашықтығын арттыруға, операциялар туралы ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен цифрлық платформалар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық интеграция және мәліметтерді беру тәртібі бойынша консультацияларды жалғастыруға келісті.
МКК халықаралық маркетплейстермен ынтымақтастық нарық қатысушылары үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге, сауда операцияларының ашықтығын арттыруға және салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Айта кетелік Мемлекеттік кірестер комитеті қандай маркетплейстерге жаңа кедендік талап қойылмайтынын айтқан еді.