11:52, 04 Сәуір 2009
Қазақстан -Польша: білім мен ғылым арқылы «Еуропаға жол»
АСТАНА. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат – Сәуірдің 6-8-і аралығында Алматы мен Астанада «Поляк университеттерінің күндері» өтеді.
Бұл шараны Қазақстанның Польшадағы Елшілігі мен поляк жоғары оқу орындарының шетелдік серіктестері, халықаралық ынтымақтастықты дамытумен айналысатын «Перспектива» поляк білім қоры ұйымдастырып отыр, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қазақстанның Варшавадағы Елшігінен. Ғылым және білім саласы бойынша екі елдің тарихында алғаш рет өткізіліп отырған осынау шара аясында Қазақстанға құрамына Польшаның жетекші 10 университетінің басшылары және Варшава мэриясының өкілдері кіретін делегация келеді.