Қазақстан Польшаның шағын бизнесті дамыту тәжірибесін зерттеуге алады

ВАРШАВА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Польшаның шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесіне қызығушылық танытты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Польша үлкен әлеуетке ие, сондықтан Қазақстан сіздердің мемлекетпен сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуына үлкен мән береді. Польшаның ЖІӨ-нің 67 пайызын шағын және орта бизнес беріп отыр, сол себепті бізге шағын және орта бизнесті дамытудың польшалық үлгісі өте қызық. Біз бұған қызыға қараймыз. Мен, жеке өз басым, Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері елімізде бұрын-соңды болмаған шағын және орта бизнестің дамуына үлкен күш салып келемін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Польша бизнес форумында.

«Қазақстан мен Польшаның нарықтық экономикаға көшудің өз ерекшеліктері бар. Польша 1940 жылға дейін жеке өмір тәжірибесіне ие болып келді. Қазақстан өз тарихында ондай болмады. Сондықтан адамдардың санасын өзгертіп, жеке-меншікке иелік ету тәжірибесін көрсету қажет болды. Осы себепті шағын және орта кәсіпорындарды құру біз үшін маңызды еді, Қазақстанда осы секторда экономиканың тек 30 пайызы жұмыс істеуде», - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев польшалық қатысушыларға қаратып айтқан сөзінде, Қазақстанда шағын және орта бизнестің дамуына барлық жағдайлар қарастырылғандығын атап өтті. Атап айтқанда, қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, арнайы ұлттық бағдарламалар қабылданған. «Даму» атты арнайы қор құрылған.

«Біз шағын кәсіпорындар үшін банк ставкаларын субсидиялаудамыз. Ол 10-20 пайыз болуы мүмкін, бірақ бизнес үшін ол әрдайым - 7 пайыз болып қала бермек. Бұл - өте үлкен қаражат. Меніңше, ешкім ондай жағдай жасап отырған жоқ. Сіздердің тәжірибелеріңіз осы саладағы өзгерістерге ықпал жасай алар еді. «Даму» қоры мен Польшаның бизнесті дамыту агенттігі аталған форум аясында меморандумға қол қойды», - деді Елбасы.

Еске сала кетейік, 22-23 тамыз күндері Нұрсұлтан Назарбаев Польша президенті Анджей Дуданың шақыртуымен Варшавада іс-сапармен болады. Қазақстан-Польша бизнес форумына 400-ден астам кәсіпкер қатысуда.