Қазақстан полициясының 17 жылдығы аталып өтті

АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін ҚР Президенттік мәдениет орталығында Қазақстан полициясының 17 жылдығына арналған салтанатты шара өтті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш іс-шараға ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Сондай-ақ салтанатты жиын барысында ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері грамотамен марапатталып, оларға төс белгілері тапсырылды. Кәсіби мереке иелерінің айтуынша, олардың аса қиын жұмысы халық тыныштығын сақтауға, Астананы қылмыстан таза қала етуге мақсатталған.

Меркелік кездесуде Ішкі істер департаментінің Ғалия Сағымованың жетекшілігіндегі  хор ән шырқады. Әртүрлі байқауларда жеңімпаз атанып үлгерген полиция хорына биыл 5 жыл толды.