ҚР ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, әлемдік додаға 36 елден 378 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Жетісу облысы ПД қызметкерлері Мақсат Оңалбаев пен Мәди Досмұхаметов 95 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Бұл жеңіс – полиция қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып қана қоймай, халықаралық спорт аренасында да ел намысын лайықты қорғай алатынының айқын дәлелі.
Оралда 4 жасар баланы құтқарып қалған полицейлер «Ерлігі үшін» медалімен марапатталғанын жазған едік.