Департаменттің мәліметінше, ол 75 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Саят бала кезінен спортпен айналысады.
Кикбоксингтен екі дүркін әлем және Азия чемпионы. Ішкі істер органдарында аға лейтенант 2021 жылдан бастап жұмыс істейді.
Сонымен қатар, 86 келі салмақта өнер көрсеткен СҚО Полиция департаментінің қызметкері Нұрсұлтан Жақыпов қола медальға қол жеткізді.
Жарысқа 50 елден 750 жуық спортшы қатысты.