АСТАНА. KAZINFORM - Астанада EXPO кешеніндегі «Нұр Әлем» сферасы және «Қазақстан темір жолы» ғимараты Қазақстан полициясының күніне орай жағылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Еліміздің тәртіп сақшылары өздерінің кәсіби мерекелерін 23 маусымда атап өтеді.
Полиция жұмысы — бұл қылмыспен күрес, қиын сәтте көмекке мұқтаж жанға қол ұшын созу.
Республика бойынша күн сайын 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Тәуелсіздік жылдарында ішкі істер органдарының 817 қызметкері қызмет бабында қаза тапты.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.