Қазақстан Премьер-Министрі жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл төледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәрім Мәсімов Инстаграмға айыппұл төлеуге тура келген велосипедтегі фотосын, сондай-ақ айыппұл төлегені туралы түбіртегін жариялады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Инстаграмға өзі студент кезінде құрылыс отрядында жұмыс істеген Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылы маңында (Күлшім бөлімшесіне барар жол) велосипедпен келе жатқан фотосын жүктеді.
Сонымен қатар Премьер-Министр велосипедпен автомагистральдарда жүруге тыйым салынғандықтан, ҚР ЖКҚ-на сәйкес айыппұл төлегенін атап өтті.
«Заңдар мен ережелер баршаға ортақ. Велосипедтегі Премьер үшін де», - деп жазды Кәрім Мәсімов.