Қазақстан Премьері Елбасының ұлықтау рәсіміндегі сөзі еліміздің тағдыры үшін маңызды болады деп санайды

АСТАНА. 8 сәуір. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі ұлықтау рәсімінде сөйлейтін сөзі еліміздің тағдыры үшін маңызды болады деп санайды.

Бұл туралы Үкімет басшысы Twitter-дегі өзінің микроблогында жазды. «Ел Президенті бүгін ұлықтау рәсімінде сөз сөйлейді. Менің ойымша, ол еліміздің тағдыры үшін маңызды сөз болады», - дейді премьер.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасыны ұлықтау рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтеді. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, депутаттар, ардагерлер, қоғам өкілдері, жастар, шет мемлекеттердің елшілері қатысады.