Биыл «Ақтөбе» бас жүлдеге үміткерлер қатарында саналады. Сондықтан ақтөбелік клуб кейінгі турларда жақсы ойын өрнегімен көзге түсіп келеді. Бүгінгі кездесуде олардың қатарынан Агбо Уче Хэрри 27-минутта есеп ашса, елордалық клубтан Бруно Силва 39-минутта таразы басын теңестірді. Ал, ойынның 87-минутында Идрис Умаев соққан гол «Ақтөбенің» үш ұпай еншілеуіне септігін тигізді.
Осылайша ақтөбелік клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 28 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.
Дәл қазір аталған турдағы «Астана» мен «Тұран» (Түркістан) кездесуі өтіп жатыр. Әзірге есеп - 1:0.
Бұл турдағы «Тобыл» (Қостанай) мен «Шахтер» (Қарағанды) кездесуі 28 қыркүйекке белгіленген.
Еске салсақ, 3 тамызда «Қызылжар» «Жетісуды» 2:1, «Қайрат» «Елімайды» 4:1 есебімен жеңсе, «Атырау» мен «Қайсар» 2:2 есебіне қанағат білдірді.