Қазақстан Премьер-лигасының 9-тур ойындары басталды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты 9-туры басталды.
Бүгін, 17 мамырда 16.00-дe «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Ақтөбе» ойнаса, 17.00-де «Атырау» мен «Жетісу» (Талдықорған) жасыл алаңға шығады.
Ертең, 18 мамырда 16.00-дe «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Астана» ойнаса, 18.00-дe «Жеңіс» (Астана) пен «Қызылжар» (Петропавл), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тұран» (Түркістан), «Тобыл» (Қостанай) мен «Ордабасы» (Шымкент) шеберлік байқасады.
Аталған турды «Елімай» (Семей) мен «Қайрат» (Алматы) командалары түйіндейді.
Қазірге дейін турнир кестесінде «Қайрат» - 23 ұпаймен көш басында келе жатса, одан кейінгі орындардағы «Ақтөбенің» - 22, «Астананың» - 18 ұпайы бар.
Сұрмергендер көшінде Дастан Сәтпаев («Қайрат») пен Марин Томасов («Астана») алты голмен алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайсар» биыл өз алаңында алғаш рет жеңілді.