Қазақстан Президенті «БРИКС плюс» саммитіне қатысушылармен әңгімелесті

ҚАЗАН. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында БРИКС-тің ХVI саммиті пленарлық отырысының «БРИКС плюс»/«аутрич» форматына қатысушылар – Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен , Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен , Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Минмен және Моңғолия Президенті Әкімшілігінің басшысы Гомбожавын Занданшатармен жүздесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен БРИКС-ке мүше мемлекеттер басшыларының XVI Саммитіне қатысу үшін Қазан қаласына жұмыс сапарымен барған болатын.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы БРИКС саммитіне қатысушылармен бірқатар кездесу өткізді.

ҚР Президенті және өзге БРИКС саммитіне қатысушылар бірге суретке түсті.