Қазақстан Президенті Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қойды

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Президенті Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің бейітіне гүл шоғын қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтің рухына тағзым етіп, оның және зайыбы Зарифа Әлиеваның бейіттеріне гүл шоқтарын қойды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Шаһиттер аллеясындағы мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Фото: Ақорда

Мұнда елдің азаттығы жолында, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау үшін құрбан болған әзербайжан халқының батыр ұлдары жерленген.

Фото: Ақорда

Шаһиттер аллеясы «Нагорный» саябағының аумағында орналасқан. Мұнда 1990 жылғы қайғылы оқиғаның құрбандары мен Қарабақ үшін болған шайқастарда қаза тапқан ұлт қаһармандарының бауырластар зираты бар.