Қазақстан Президенті Мажарстан Премьер-министрінің салтанатты қабылдауына қатысты

Фото: Фото: Ақорда

БУДАПЕШТ. KAZINFORM — Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мажарстан Премьер-министрінің салтанатты қабылдауына қатысқанын мәлімдеді.

Мажарстан Премьер-министрінің кеңсесі орналасқан ғимаратта мемлекеттік сапармен келген Қазақстан Президентінің құрметіне салтанатты қабылдау ұйымдастырылды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ делегациясына көрсеткен қонақжайлығы мен достық пейілі үшін Виктор Орбанға ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештте Виктор Орбанмен келіссөз жүргізді.

Қазақстан мен Мажарстан ортақ бастамаларды жүзеге асыруды көздейтін Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Фото: Ақорда