Қазақстан Президенті мен Абу Дабидің Тақ мұрагері «Этноауыл» көрмесін аралады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян қазақ халқының мәдени мұрасын таныстыратын «Этноауыл» көрмесіне барды.

Мәртебелі меймандар ұлттық киім үлгілері, қолөнер, әдет-ғұрып пен музыкалық аспаптар, халық ойындары көрсетілген түрлі тақырыптық аймақты тамашалады.

Фото: Ақорда

Қазақ халқының бай тарихы мен рухани құндылықтарын танытатын аңшылық және кескіндеме өнеріне баса назар аударды.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, бұған дейін «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумында бірқатар келісімге қол қойылды.