Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Президент ұшақ апатына байланысты Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. 

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Қазақстан Президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін бортында 240 адам болған Air India ұшағы апатқа ұшырағанын жазған едік.