Қазақстан Президенті Ашхабадқа келді
11:02, 11 Қазан 2019
АШХАБАД. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Ашхабадқа келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Ашхабадта бірқатар көпжақты келісімдерге қол қойылатыны күтіледі. Сондай-ақ, Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай ТМД халқына және әлемдік қоғамдастыққа Үндеу жарияланбақ.
ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы бүгін, 11 қазан күні өтеді.