Маневрлерге барлығы 800 әскери қызметші мен 2 000 қару және әскери техникасы жұмылдырылды.
Мемлекет басшысы полигонға келіп, командалық бекетке барды. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету нысаны мен Пилотсыз ұшатын құрылғыны (ПҰҚ) басқару бекетін қарап шықты. Президентке «Айбалта-2019» командалық-штабтық оқу-жаттығуының міндеттері мен негізгі кезеңдері туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы - ҚР ҚК Жоғары Бас қолбасшысы әскери қызметшілермен кездесіп, оқу-жаттығуды табысты аяқтауларымен құттықтады және Қазақстанның егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сәттілік тіледі. Кейін Мемлекет басшысы алаңда тігілген лагерьге кіріп, «сарбаздардың ботқасынан» дәм ауыз тиді және жауынгерлермен әңгімелесті.