Жиын барысындағы сөзінің соңында Мемлекет басшысы алда 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні келе жатқанын айта келе, мерейлі, ортақ мерекемен барша қазақстандықтарды құттықтады.
«Қадірлі қауым! Қазір біздің бірлігі жарасқан еңселі ел, зайырлы мемлекет екендігіміз дүние жүзінің баршасына аян. Татулық пен тұрақтылықты қалыптастыруға Ассамблея айырықша үлес қосып келеді. Бірліктің берекелі бесігіне айналған бұл құрылымның алдағы уақытта да көп жұмыс атқаратынына кәміл сенемін. Ұлтты ұйыстырып, ұлысты ұғыстыра білген еліміз өркендей түссін. Түрлі халықтың тағдырын тоғыстырған, тұтастығын сақтаған Қазақстан жасай берсін! Тілегіміз тыныштық пен татулық болсын. Баршаңызға зор табыс тілеймін», - деді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы.