«Қоршаған ортаның, оның ішінде көлік артериясына айналуы әбден мүмкін құрлық ішіндегі трансшекаралық су ресурстарының оңтайлы басқару жөніндегі кешенді мәселелерді назардан тыс қалдырмау маңызды», - деді Мемлекет басшысы.
Еске сала кетсек, Н.Назарбаев ҚХР-дағы «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы аясындағы халықаралық серіктестік бойынша жоғары деңгейлі форумға қатысып жатыр.
Форум тақырыбы - «Бір белдеу, бір жол: ортақ өркендеу жолындағы серіктестік». Шараға 29 мемлекет басшылары, 3 халықаралық ұйым: БҰҰ, Дүниежүзілік банк және Халықаралық валюта қорының өкілдері қатысуда.