Қазақстан Президенті Букингем сарайында Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветамен кездесті
01:03, 28 Шілде 2012
ЛОНДОН. 28 шілде. ҚазАқпарат - 27 шілде күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Лондонға жұмыс сапары аясында Букингем сарайында Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветамен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
Сондай-ақ Елбасы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының ашылуына қатысу үшін Лондонға келген мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының құрметіне Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның атынан ұйымдастырылған қабылдауға қатысты.