Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясына қатысады
07:35, 21 Қыркүйек 2011
Ю-ЙОРК. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Бүгін Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-сессиясы өз жұмысын бастайды, оның жұмысына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбев қатысады.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 66-сессиясының жалпы пікірсайыстары Нью-Йорк уақытымен 9.00-де басталады. Н.Назарбаев пікірсайыстардың ашылуына қатысады. Бұдан кейін ҚР Президентінің мемлекеттер және халықаралық ұйымдар басшыларымен бірқатар кездесулері күтілуде.
22 қыркүйекте, бейсенбі күні БҰҰ штаб-пәтерінде ядролық қауіпсіздік жөніндегі жоғары деңгейдегі отырыс өтеді, Президент Н.Назарбаев оның жұмысына да қатысады.