Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясына қатысу үшін Нью-Йорк қаласына келді
23:50, 20 Қыркүйек 2011
Ю-ЙОРК. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парижден Америка Құрама Штаттарына келді. Нью-Йоркте Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66-сессиясына қатысады.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясы 21-22 қыркүйек күндері өтеді.
Жұмыс сапары ауқымында Н.Назарбаевтың мемлекеттер және халықаралық ұйымдар басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған.