«Денесімен жарылайын деп тұрған гранатаны басып жату, өз басын өлімге тігумен пара-пар деген сөз. Немен бітетіндігін ешкім де білмес еді. Сондықтан ерлігіңді жоғары бағалап, көзсіз батырлығың үшін рахметімізді айтамыз. Құтты болсын», - деді Елбасы Қ.Үмбетовке «Халық қаһарманы» атағын беріп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін табыстау барысында.
Өз кезегінде Қ.Үмбетов ҚР Президентінің қолынан жоғары награда алғанына қуанышты екендігін жеткізді.
«Біз, Ұлттық ұлан жауынгерлері еліміздің тыныштығын сақтай отырып, азаматтардың борыштары мен құқықтарын сақтауын қамтамасыз етеміз. Сіз әлемге танытқан қазақ елін көздің қарашығындай сақтап, еліміздің тыныштығын, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, қызметімізді адал атқаратын боламыз», - деді ол.