Қазақстан Президенті ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысымен кездесу өткізбек

АСТАНА. 10 Қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесу өткізбек.

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев брифингте мәлімдеді. Мәртебелі мейманның Астанаға ресми сапары қыркүйек айының 12-14 аралығында АӨІСШК мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің төртінші кездесуі және мерекелік сессиясының аясында ұйымдастырылып отыр.

«Сапар барысында ЕҚЫҰ-ның бас хатшысы Ламберто Заньер ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, Сыртқы Істер министрі Ержан Қазыхановпен, сондай-ақ ҚР Парламент Сенаты төрағасы Қайрат Мәмимен және Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековпен кездесу жоспарланған», - деді А.Әбибуллаев.